«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКІ ЕЛІК ПЕН БІР ТҮЛКІНІ ЖАЙРАТЫПТЫ

Тимирязев ауданындағы Докучаево елді мекенінің жанында облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының инспекторы мен Жамбыл орман шаруашылығы қызметкерлері кезекті рейдке шыққан кезде заңсыз аңшылық фактісін әшкереледі.

Тексеріс барысында бес адам мінген “Тойота” автокөлігінен атылған екі елік пен түлкі табылды. Браконьерлер қолға түсіп, олардың иелігіндегі тіркемелі автокөлік пен қарда жүретін екі техника, 2 аңшы қаруы мен 19 оқшантай және атылған аңдар тәркіленді.  

Аң атып, көңіл көтеруге шыққан тимирязевтіктер мемлекетке 406310 теңгенің шығынын жасады. Заңсыз аңшылық фактісі бойынша Тимирязев аудандық ішкі істер бөлімі іс қозғады.

 

Ринат ЕСМАҒҰЛОВ,
облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі
аумақтық инспекциясының бөлім басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp