«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКІ КҮМІС ПЕН ҚОЛА МЕДАЛЬ

 

Петропавл қаласындағы №2 түзету мектеп-интернатының оқушылары “Special Olympics” халықаралық бағдарламасының аясында Нұр-Сұлтан қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өткен республикалық спорттық фестивальден оралды. Оған еліміздің әр облысынан келген командалар қатысты. 

Жерлес шәкірттер үстел теннисінен ұйымдастырылған жарыста өңір намысын қорғаған болатын. Спорттық шараның қорытындысы бойынша Лидия Федоренко мен Рамазан Үкібасов жұптық ойында күміс медальдарды еншіледі. Ал Любовь Шишкина мен Кирилл Данилов үшінші орынның иегерлері атанды. 

Облыс орталығының жас теннисшілерін осындай жоғары деңгейдегі додаға дайындауда жоғарыда аталған білім ошағының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Денис Елеукиннің аянбай тер төккенін айта кету қажет.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp