«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКІ КҮНДЕ – 49 МАС ЖҮРГІЗУШІ

Жыл басынан бері облыс жолдарында 134 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 20 адам мерт болды. Ал мас жүргізушілердің кінәсінен биыл 7 жол апаты орын алып, 1 адам көз жұмды, 10-ы жарақаттанды. Осындай келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында облыстық ішкі істер департаменті «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізіп тұрады. Бұл жолы әкімшілік полициясы басқармасы екі күннің ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 772 фактісін тіркеді, көлік тізгінінде ұялы телефонмен сөйлескен 109 және жылдамдықты асырған 47 жүргізушіге хаттама толтырды. Жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткені үшін 89 жаяу жүргінші жазаланды. Ал қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 154 адамға әкімшілік хаттама жазылды. Сондай-ақ, екі тәулік ішінде мас күйде көлік тізгіндеген 49 жүргізуші ұсталды.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық ішкі істер департаменті

баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp