«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКІ КҮНДІК ГАЛА-КОНЦЕРТ

Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының кезекті маусымы жабылды. 60 жылдық тарихы бар өнер ордасы шымылдық жабылар кешке тыңғылықты дайындалғаны байқалады.

Бүгінгі таңда филармонияда 300-ден астам адам еңбек етеді. Ал репертуарда жүздеген туынды бар. Талантты теріскейліктер өңір тұрғындары мен қонақтарына мәдениет пен өнердің көркем үлгісін ұсынып, рухани азық пен баға жетпес шаттық сыйлады.

– Әр маусымда жаңа бағдарламалар, гастрольдік сапарлар, байқаулар болады. Өткен маусымда да жеткен жетістіктеріміз ауыз толтырып айтарлықтай. Өнерпаздар биіктерден көрінді, – деді Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының директоры Ботагөз Ақмағанбетова.

Өнер ұжымын құттықтап келген шығармашыл жандар да жоқ емес. Сонау Астанадан ат терлетіп Азамат Жылтыркөзов жетті. Ол эстрадалық симфониялық оркестрмен бірге өнер көрсетті.

Сонымен қатар бұл жолғы кеш бұрынғыдан өзгерек өтті, яғни маусымның жабылуына арналған гала-концерт екі күн қатарынан өтті.

Рабиға ЕРАЛЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp