«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКІ КӨЛІК СОҚТЫҒЫСЫП, 4 адам қаза болды

6 желтоқсан күні “Жезқазған-Петропавл” автожолының 809 шақырымында “Москвич-412” және “Toyota-Avensis” көліктері бетпе-бет соғылды. Бұл соқтығыстың салдарынан “Москвич-412” автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі мен 3 жолаушысы оқиға орнында қайтыс болса, біреуі ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. “Toyota-Avensis” көлігінің жүргізушісі мен жолаушылары да түрлі дене жарақаттарын алып, олар орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Алдын ала болжам бойынша, “Москвич” автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай қарсы бағытқа шығып кеткен.

Облыстық жол полицейлері 7 желтоқсаннан бері “Стробоскоп” жеделалдын алу шарасы негізінде күшейтілген режімде жұмыс істеуде. Шараның мақсаты – қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету және ереже бұзғандарды анықтау. Сондай-ақ жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне кері әсер ететін стробоскоп пайдаланған көліктерді анықтауға басымдық берілмек. Аталмыш шара 14 желтоқсанға дейін жалғасады.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp