«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКІ МАШИНИСТ МЕРТ БОЛДЫ

Облыс орталығында кәріз жөндеу кезінде екі адам қаза тауып, жұмысшылардың тағы бірі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке “Қызылжар су” ЖШС-нің кәріздік-сорғы станциясының кәріздік коллекторын жөндеу барысында екі машинистің қайтыс болғаны жайында ақпарат келіп түсті. Олардың біреуі – 58-де, енді бірі – 63 жаста. Оқиға барысында зардап шеккен 1981 жылғы тағы бір азамат 3-ші қалалық ауруханаға жатқызылды. Олар метан газына уланды деген болжам бар.

Марқұмдардың денесі сот-медициналық сараптамадан өткізуге жіберілді. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың, ІІБ-нің жедел топтары және жедел-жәрдем қызметі жұмыс істеді.

СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметі. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp