«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКІ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Конституция күні қарсаңында Қызылжар ауданында екі жаңа нысан іске қосылды. Соның бірі ағаш көмірін өндіру цехы болса, екіншісі асфальт-бетон өндіру зауыты.
Бескөл ауылының Луговая кө­шесінде орналасқан ағаш көмі­рін өндіру цехының ашылуы сал­танатты түрде өтті. Оған Қызыл­жар ауданының әкімі Жанат Сә­дуақасов, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бас­шысы Құралай Жарова, Білім және ғылым министрлігі “Ғылым қоры” АҚ-ы жобалау ди­рекциясының директоры Құр­манғазы Омаров қатысты.

Жобаны жүзеге асырып жат­қан “Ахмудинов” жеке кәсіпкер­лігі өңіріміздегі ірі ағаш өндіруші кәсіпорындардың бірі. Кәсіп­орын басшысы Сермұхамед Оралұлының айтуынша, бұл елі­міздегі ғылыми-инновациялық бағыттағы бірегей жоба. Негізгі мақсаты Солтүстік Қазақстанда орман шаруашылығы мен ағаш өндірісінің коммерциялық және экологиялық кластерін ұйым­дастыру. Сондықтан ол ғылыми-техникалық бағыттағы мемле­кеттік гранттың аясында жүзеге асып жатыр.
Жаңа нысанның лентасын Қы­зылжар ауданының әкімі Жанат Сәдуақасов пен Білім және ғы­лым министрлігі “Ғылым қоры” АҚ-ы жобалау дирекциясының директоры Құрманғазы Омаров қиды. Содан соң жиналған жұрт­шылық цехтың ішін аралап, жұмысымен танысты.
Цехта төрт пеш орнатылған. Әр пеш тәулігіне бір тонна ағаш көмірін өндіре алады. Бүгінде18 адам тұрақты түрде жұмыспен қамтылған.
Жобаның екінші кезеңінде “Ахмудинов” жеке кәсіпкерлігі қыл­қан жапырақты ағаш өсіруге арналған жылыжайлар тұрғы­зуы тиіс. Бүгінгі таңда жылы­жайдың құрылысы аяқталды. Енді қылқан жапырақты ағаштар отырғызу жұмыстары жүргізі­летін болады. Ол үшін арнайы мамандар да шақыртылған. Бо­лашақта көшеттерді кәсіпорын кескен ағаштардың орнына отырғызады.
Аудан басшысы Жанат Сә­дуақасов пен облыстық кәсіп­керлік және туризм басқарма­сының басшысы Құралай Жа­рова жақында ғана ашылған асфальт-бетон зауытының жұ­мысымен танысты.
Аталмыш нысан “Грант Се­вер” ЖШС-не тиесілі. Шетелдік инвесторлардың көмегімен мұнда асфальт-бетон қоспасын өндіретін заманауи қондырғылар орнатылған, соның арқа­сында зауыт экологиялық таза өнімдер шығарады.
Зауыттың жобалық құны 450 миллион теңге. Мұн­да 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
– Технологиялық тұрғыдан қа­расақ, мұндағы қондырғы­лар­дың барлығы да соңғы үлгіде жасалған. Асфальт қоспасы құрылғысы толық компьютер­лен­дірілген және климат-бас­қа­ру жүйесі де бар. Электр құ­рылғылардың барлығы да Еуро­па елдерінен әкелінген. Ең бас­тысы зауыт сырттай үлкен бо­лып көрінгенімен, дыбыссыз жұмыс істейді деп айтуға болады, – дейді “Грант Север” ЖШС-нің операторы Игнат Новиков.
Асфальт-бетон за­уы­ты өңіріміздегі осы бағыттағы ең ірі кәсіп­орындардың бірі болып сана­лады. Ол сағатына 160 тонна асфальт-бетон қоспасын өндіре алады. Жаңа кәсіпорын­дардың ашылуы ауданның бюд­жетіне кіріс әкеліп қана қоймай, отандық өнім нарығын қалып­тастыруға және өңіріміздің эко­номикасының дамуына серпін беретіні сөзсіз.

Фархат ТАСТАМБЕК, журналист.

СУРЕТТЕ: асфальт-бетон зауытының сыртқы көрінісі.

Суретті түсірген автор.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp