«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКІ САТЫҒА ЖОҒАРЫЛАДЫ

Henley & Partners компаниясы  Төлқұжаттар индексінің жаңартылған нұсқасын жариялады.

Визасыз режимге енгізілген соңғы өзгерістер бойынша елдердің рейтингі анықталған. Бүгінде Қазақстан  азаматтары әлемдегі 76 елге визасыз бара алады. Еліміз Индексте екі сатыға жоғарылап, 67-інші орынға орналасты. Рейтинг басында Жапония тұр. Жапондықтар визасыз 190 елге саяхаттай алады екен. Үздіктер қатарында Оңтүстік Корея, Сингапур, Германия мен Франция бар.Henley & Partners компаниясының Төлқұжаттар индексі Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен (IATA) ынтымақтастықта 2006 жылдан бері жарияланып келеді.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/288887-aza-standy-tar-vizasyz-ansha-elge-bara-alady

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp