Henley & Partners компаниясы Төлқұжаттар индексінің жаңартылған нұсқасын жариялады.
Визасыз режимге енгізілген соңғы өзгерістер бойынша елдердің рейтингі анықталған. Бүгінде Қазақстан азаматтары әлемдегі 76 елге визасыз бара алады. Еліміз Индексте екі сатыға жоғарылап, 67-інші орынға орналасты. Рейтинг басында Жапония тұр. Жапондықтар визасыз 190 елге саяхаттай алады екен. Үздіктер қатарында Оңтүстік Корея, Сингапур, Германия мен Франция бар.Henley & Partners компаниясының Төлқұжаттар индексі Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен (IATA) ынтымақтастықта 2006 жылдан бері жарияланып келеді.
https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/288887-aza-standy-tar-vizasyz-ansha-elge-bara-alady