«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКІ ҚОЛҒА – БІР КҮРЕК

Петропавлда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге қаланың 200-ге жуық кәсіпорны қатысып, жұмыс ұсынды. Мұндай іс-шараны облыстың барлық ауданы ұйымдастырды.

Жәрмеңкеге жиналғандардың қарасы қалың. Оларға ең алдымен бос жұмыс орындары туралы жан-жақты ақпарат беретін көрме таныстырылды.

– Өңірде екі қолға бір күрек таппай жүрген жандар саны азаймай отыр. Біз жәрмеңкеге өндірістік кәсіпорындар, қызмет көрсету компаниялары және білім беру мекемелерінің өкілдерін арнайы шақырттық. Олар жұмыс іздеушілерге өз ұсыныстарын айтты, – дейді облыстық еңбек ұтқырлығы орталығының директоры Аман Төрегелдин.

Биыл өңірде 186 бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастыру көзделген. Былтыр 20 мыңнан астам адам жұмысқа орналасыпты. Олардың 15 пайызы екі қолға бір күректі осындай жәрмеңкеден тапқан. Еңбек ұтқырлығы орталығы директорының айтуынша, жұмыс іздеушілерге жұмысқа орналасу үшін қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Ал өз ісімен айналысқысы келетіндерге биыл бизнес ашуға 270 грант қарастырылған.

Рабиға ЕРАЛЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp