«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКІ ҰРПАҚТЫҢ КЕЗДЕСУІ

Облыстық жастар бастамалары орталығының ұйымдастыруымен өңіріміздің еңбек ардагерлері М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің және колледждердің студенттерімен кездесті.

Орталық жетекшісі Нұрсаят Сәркеннің айтуынша, өмірлік тәжірибеге бай аға буын өкілдері жастарға әр кез қамқоршы. “Екі ұрпақ өкілдерінің өмір құндылықтары, отаншылдық, еңбекқорлық секілді тақырыптарда әңгіме өрбітуі орынды”, – дейді ұйымдастырушылар.

Жарты ғасырға жуық облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесін қосқан Ғалымбек Ғайсин, Әдия Ахметова, Геннадий Языков кездесуге келгендерге еңбек барлық жақсылықтың бастауы екенін, сондықтан жүрек қалауымен таңдаған мамандыққа адал болып, туған елге қызмет етудің маңызы жайлы ақылдарын айтты. Екі ғасырдың ұрпақтары өзара кешегі және бүгінгі тәуелсіз еліміздегі жақсылықтар жайлы да ойларын ортаға салды.  

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp