«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛБАСЫ ЖАЙЛЫ ЖАЗДЫ ЕҢБЕК…

“Ел тірегі – Елбасы” тақырыбы бойынша республикалық шығармалар байқауы 2012 жылы жарияланып, жыл сайын өткізіліп келеді. Ол жастарды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеуді көздейді.

Биылғы жылы да облысымыздан көптеген шығармашылық жұмыстарды байқауға жіберген болатынбыз. Солардың ішінен Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаттың оқушысы, қазіргі кезде Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің 1-курс студенті Жәния Омарова мен Қайырбек Оразов атындағы Аралағаш орта мектебінің 11-сынып оқушысы Әділжан Оразбаевтың жұмыстары үздік деп танылған еді.

Таяуда Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы Елбасының тарихи-мәдени орталығында “Президент пен перзент” кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Аталмыш кітапқа Әділжан Оразбаевтың да шығармасы енді. “Ел тірегі – Елбасы” шығармасының жеңімпазы ретінде Әділжан Оразбаев өзінің жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Айман Әлімтаевамен бірге қатысып келді.  

Кітапты тапсыру рәсіміне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов қатысып, шығармасы жинаққа енген оқушыларға және олардың ұстаздарына сыйлықтар мен Алғыс хаттар тапсырды.

Айнұр ЕСМАҒАМБЕТОВА,

білім саласындағы әдістемелік жұмыс және

ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp