«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛБАСЫ РҰҚСАТЫМЕН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

1-ші шілде күні Астанада өткен «Қазақстан Республикасының Индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы: 2016 жылдың 1- жартыжылдық қорытындысы» атты кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Петропавлда «Батыр» тракторын шығаратын кәсіпорынның жұмысының басталуына рұқсат берді.

«Батыр» тракторы шетелдік баламасынан кем түспейді, құны үш есе арзан. «Петропавл трактор зауыты» ЖШС директоры Сегей Шинкоренко еліміздің машина-трактор паркі тұрақты түрде жаңартылып отырғанын, бүгінгі таңда шамамен 14 мың машинаның қолданылу мерзімі 10 жылдан асқанын, сондықтан жаңартуды қажет ететінін айтты.

Ол: «Ресейлік әріптестермен бірге «Батыр» тракторлары өндірісі бойынша жобаны іске қосу өңір сұранысының үштен бірін жабады. Біздің тракторымыз техникалық сипаттамасы бойынша шетелдік баламасынан бірде бір кем емес, әрі үш есе арзан екендігін атап өткім келеді» деп, Нұрсұлтан Назарбаевтан зауытты іске қосуға рұқсат сұрады.

Елбасы зауыт жұмысын бастауға рұқсат беріп, кәсіпорынның ұжымына табыстар тіледі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp