«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Елбасы Түркістандағы жаңа стадион мен көпфункционалды концерт залына барды

Елбасы Н.Назарбаев Түркістанға сапары барысында «Түркістан-Арена» стадионына және «Конгресс Холл» көпфункционалды концерт залына барды.

Спорттың әр бағыты бойынша жеке-жеке залы бар, 7000 орынға арналған стадион кәсіби спортшылардың дайындығына ыңғайланып салынған. «Самұрық-Қазына» АҚ Түркістанға тарту еткен стадионның негізі футбол алаңынан, жеңіл атлетикаға арналған жабық аренадан тұрады.
Елбасы, сондай-ақ концерттер, театрландырылған қойылымдар және басқа да іс-шаралар ұйымдастыруға арналған көпфункционалды мәдени нысанмен танысты. Түркістан облысындағы көпфункционалды жалғыз кешен саналатын Конгресс-холлда отырыс өткізетін зал, 1000 көрерменге арналған концерт зал, 1900 шаршы метр аумақты алып жатқан көрме алаңы бар.


 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp