«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Елбасы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде барды.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағында орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде болып, бабалар рухына тағзым етті», деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.
Еске сала кетсек, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына келді. Елбасы Түркістан қаласының халықаралық әуежайының ашылу салтанатына қатысты.
Одан кейін «Түркістан-Арена» стадионында болып, «Конгресс Холл» көпфункционалды концерт залына барды. Елбасы Rixos Turkistan қонақүйі және Түркістандағы бірқатар экспозициялық кешенмен танысты.


 https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp