«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛБАСЫ ҚОРЫ СТЕПЕНДИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің үшінші курс студенті Юлия Свистунова Тұңғыш Президент – Елбасы қорының степендиясын жеңіп алды. Республикалық конкурстың жеңімпаздары Алматы қаласында өткен салтанатты шарада марапатталды.

Студенттердің ғылыми, шығармашылық қабілеттерін арттырып, ынталандыру мақсатын көздейтін шараға биыл 350-ден астам үміткер қатысып, 80-і іріктеліп алынды. Конкурстық комиссия мүшелері жастардың академиялық үлгерімдерін, қоғамдық өмірдегі белсенділігін, білім ордасындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарын бағалады. Сонымен қатар студенттердің “GPA” көрсеткіштері, сертификаттары мен дипломдары да ескерілді. Жеңімпаздар осы оқу жылының соңына дейін ай сайын шәкіртақы алатын болады.
Тоғыз жыл бұрын қолға алынған конкурста осыған дейін 639 студент шәкіртақы алды.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp