2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындары 9 ақпанда Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында басталатыны белгілі.
Ал одан кейінгі, 2022 жылғы қысқы ойындар қай қалада өтпек?
Қазір осы атақты иеленуден бес қала үміткер еді. Енді олардың екеуі ғана қалды: Алматы және Пекин (Қытай).
Халықаралық Олимпиада комитетінің мамандары осы атаққа өзгелерден гөрі Алматы лайық деп айтқанын белгілі спорт басылымдары жазуда. Бұл ретте 2017 жылы Алматыда қысқы Бүкілдүниежүзілік Универсиада өтетіні, оған арналып әлемдік талаптарға сай жаңа спорт нысандары салынып жатқаны мысалға алынуда. Оның үстіне, Алматыда әлемге әйгілі “Медеу” мұз айдыны, “Шымбұлақ” тау курорты бар. Сондай-ақ, 2011 жылғы қысқы Азия ойындарының Алматыда өтіп, сондағы нысандар халықаралық деңгейде екені ескерілуде.