Қазақстан Президентінің көреген саясаты болмағанда бұл өңірдегі халық әлі күнге дейін сынақтардан зардап шегіп отыруы мүмкін еді. Сіздің Орталық Азияда ядролық қарудан ада аймақ құру бастамаңызбен Солтүстік жарты шарда ондай аумақ тұңғыш рет құрылғанын зор ризашылықпен айта аламын.
Пан Ги МУН,
БҰҰ-ның Бас хатшысы.
Сіздің еліңіз егемен, тұрақты және өркендеген мемлекет ретінде өзінің дамуында маңызды табыстарға қол жеткізді. Мен Қазақстанға Ауғанстандағы тұрақтылық пен қалпына келтіру ісіндегі ұстанымы үшін ризашылығымды білдіремін және мен Сіздің ұлтаралық және діни төзімділікті ілгерілету жөніндегі күш-жігеріңізді жоғары бағалаймын.
Барак ОБАМА,
АҚШ Президенті.
Қазақстан Германия үшін маңызды серіктес болып қала береді. Сіз елдеріміз арасындағы сенімге құрылған серіктестік қарым-қатынастар аясын бұдан әрі кеңейту, сондай-ақ, Қазақстанда демократия, құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам қағидаттарын нығайту ісінде әрдайым Федералдық үкіметтің қолдауына сенім артуыңызға болады.
Ангела МЕРКЕЛЬ,
Германия Федералдық канцлері.
Қазақстан Сіздің басшылығыңызбен халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған бастамаларын табысты жалғастыратынына сенімдімін. Біздің елдеріміздің арасындағы тілдік, мәдени және тарихи байланыстардың ортақтығына негізделген стратегиялық серіктестік бұдан әрі де халықтарымыздың игілігі үшін, сондай-ақ, өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылық үшін дами беретініне тағы да сенім білдіремін.
Режеп ЕРДОҒАН,
Түркия Республикасының Президенті.
Қазақстан халқы өзінің әлеуметтік-экономикалық және мемлекеттік құрылыстағы қол жеткен табыстарын орынды мақтан ете алады. Республиканың халықаралық беделі жылдан-жылға артып келеді, қоғамдағы ұлтаралық қатынастар да жетілдіріле түсуде. Ресей мен Қазақстан халықаралық аренадағы, Еуразия кеңістігіндегі аймақтық интеграциялық құрылымдардағы күштерін үйлестіруі өзінің тиімділігін көрсетті.
Владимир ПУТИН,
Ресей Президенті.
Өзбекстанда Сізді Қазақстан тарихының бетбұрыс сәтінде саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалардың барысына басшылық еткен аса көрнекті мемлекет қайраткері деп біледі. Өзбекстанда Сізді біздің халқымыздың нағыз досы деп біледі әрі өзіміздің өзбек-қазақ қатынастарының серпінді дамуына қосқан үлесіңіз баға жеткізгісіз деп біледі.
Біздің мемлекеттеріміз бен халықтарымыз арасындағы қарым-қатынастар әрдайым тарихымыздың, мәдениетіміздің, тіліміз бен дініміздің жақындығына негізделіп келеді. Біз ғасырлар бойы қатар өмір сүрдік, өмір сүріп келеміз және мәңгілік бірге өмір сүре беретінімізге сенімім кәміл.
Ислам КАРИМОВ,
Өзбекстан Республикасының Президенті.
Қазақстанда этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтудың бірегей үлгісін қалыптастыруда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін ерекше атап өткім келеді. Біздер, қырғыздар, бауырлас қазақ ағайындардан үлгі алуымыз керек.
Алмазбек АТАМБАЕВ,
Қырғызстан Президенті.