Отанымның мақтанышы, айбыны,
Беткеұстар шамшырағы, байлығы.
Рәміздерім – елдігімнің белгісі,
Көк аспанда таласатын ай-күні.
Бейнелейтін Отанымның теңдігін,
Айқындаған Ұлы Дала ерлігін.
Елтаңбадан көріп бағын елімнің,
Сезінемін қазағымның кеңдігін.
Көк байрағым – абыройлы тұғырым,
Күн боп елге шашып тұрған жылуын.
Қалықтаған қыран тектес халқымның,
Татулықпен нұрландырған ғұмырын.
Әнұраным – әрлі әуенім, ән-жырым,
Сенен таптым жан дүниемнің сазды үнін.
Толқыныстан лүпіл қағып жүрегім,
Дүниенің ұмыттырған наз, мұңын.
Отанымның зор бақытын, шаттығын,
Бар болмысын, арман, аңсар, бақ күнін,
Бейбітшілік, тыныштықтың нышанын,
Рәмізіміз білдіріп тұр тап бүгін!
Надира ҚҰСАЙЫНОВА,
А. Мырзахметов атындағы университеттің магистранты.