«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛДІГІМІЗ БЕН БІРЛІГІМІЗДІ КӨРСЕТЕМІЗ

Бүгінгі қоғамдағы аса маңызды мәселе – Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың кезектен тыс сайлауы. Саяси науқанның еліміз үшін орны ерекше болғандықтан, жұртшылықтың сайлауға барамын деген белсенділігі көңіл қуантарлықтай.

Шындығында, бұл сайлау – Қазақстан үшін уақыт талабы тудырған тарихи науқан. Бұл жайлы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған Үндеуінде:

– Баршаңызды сайлауға белсене қатысуға, еліміздің болашағы жолындағы тұтастығымыз бен бірлігімізді тағы да танытуға шақырамын. Конституцияның кепілі ретінде Орталық сайлау комиссиясына және барлық өкілетті мемлекеттік органдарға алдағы сайлауда заңдылықты, ашықтықты және әділеттілікті қамтамасыз етуді тапсырамын. Дауыс беру науқаны және сайлау күрделі кезеңде ұлтты ұйыстырып, біздің Қазақстанымызды жаңа белестерге алып шығуға көмектеседі деп сенемін, – деп мәлімдеді.

Кезектен тыс сайлау елдегі экономикалық ахуалға байланысты жүзеге асырылып отыр. Сондықтан ел халқы саяси науқанды қызу қолдап, сайлау болатын күні бір кісідей дауыс беруге келеді деп ойлаймын. Өйткені, сайлауға қатысу – елі мен жерінің, болашақ ұрпағының өміріне бейжай қарамайтын әрбір адамның азаматтық борышы.

Алдағы сайлау “100 нақты қадам” Ұлт жоспарының барынша нәтижелі жүзеге асырылуына жол ашады. Әлемдік дағдарыстан сүрінбей өтіп, халықтың өмір сүру сапасын арттыруда бұл құжаттың маңызы зор. Сондықтан осы жолы да қарапайым халықтың қамын жейтін лайықты тұлғалар депутат болып сайланады деп үміттенемін. Сондай ардақты азаматтарды қолдап, дауыс бермекпін.

Әсет ЕГІНБАЕВ,

жас маман.

Уәлиханов ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp