«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛДІГІМІЗ БЕН ЕРЛІГІМІЗДІҢ ШЕЖІРЕСІ

Қазақтың көрнекті жазушысы, “Көшпенділер”, трилогиясы сияқты тарихи романдарымен, сондай-ақ, басқа тақырыптардағы он туындысымен ұлттық әдебиетіміздің қазынасын байытқан қаламгер Ілияс Есенберлиннің туғанына биылғы 10 қаңтарда 100 жыл толды.

Осыған орай Петропавлдағы қалалық №2 кітапханада оқырмандардың жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған басқосуы болып өтті. Кездесуге, негізінен, қаладағы Қожаберген жырау атындағы №6 қазақ орта мектебінің оқушылары және басқа да оқырмандар келіп, жазушы шығармалары жайындағы әңгімеге қатысты.

Қаламгердің тарихи шығармаларының орны бөлек екені айтпаса да түсінікті. Өйткені, жазушының ұлы Шыңғыс қағаннан бастап, қазақтың соңғы ханы – Кенесары Қасымұлына дейінгі алты ғасырдағы көшпенділер тұрмысын баяндаған романдары халықтың зор ықыласын тудырған шығармалар болғаны анық. Биылғы Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтілетін жылы бұл туындыларды қайта бір оқыса, артық емес.

Ләззат ЕРҒОЖИНА,

 қалалық №2 кітапхананың меңгерушісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp