«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛДІК МҮДДЕНІҢ ҰРАНШЫСЫ

Құрметті әріптестер!

Баршаңызды “Soltústik Qazaqstan” газетінің 100 жылдық мерейлі белесімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақ баспасөзінің тарихында жүзжылдық жылнамасын жазған санаулы басылымның қатарына енген “Soltústik Qazaqstan” газетінің елдік шежіредегі һәм ұлт руханиятындағы алар орны зор деп білеміз. Былтыр ғана ғасыр тойын атап өткен “Egemen Qazaqstan”-ның ізін басқан бұл басылым да әр жылдары атауы өзгергенімен, Алаш азаматтары айқындаған мақсат-мұратқа, ұлт мүддесіне қызмет етті. Газет тарихының бастауында әр жылдары Смағұл Сәдуақасов, Мағжан Жұмабаев сынды тұлғалар басшылық жасаса, Ғали Орманов, Дихан Әбілев, Жұмағали Саин және Сафуан Шәймерденов сынды қазаққа белгілі ақын-жазушылар өз қолтаңбасын қалдырды.
Осындай жақсылар мен жайсаңдар салған өнегелі жолды бүгінгі газет редакциясы абыроймен жалғастырып отыр. Біз солтүстік өңірдегі ақпарат кеңістігінде елдік мүдденің ұраншысына айналып, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға қызмет етіп келе жатқан “Soltústik Qazaqstan” газетінің ұжымына шығармашылық табыс тілейміз! Ғасырлық мерейтойларыңыз құтты болсын, әріптестер!


Дархан ҚЫДЫРӘЛІ,
“Egemen Qazaqstan” республикалық газетінің басқарма төрағасы.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp