Мәжіліс Денсаулық сақтау министрі лауазымына Е.Біртановтың кандидатурасын мақұлдады Бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің отырысы өткен болатын. «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 22-1 бабына сәйкес аталған мәселе Комитет отырысында қарастырылды. Қазақстан Үкімет басшысының тапсырмасымен Елжан Біртановтың кандидатурасын ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің басшысы Нұрлан Алдабергенов таныстырды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp