Елордалық “Астана” Еуропа лигасының топтық кезеңінде Англияның атақты “Манчестер Юнайтед” командасымен кездеседі.
Алғашқы матч қыркүйектің 19-ынан 20-на қараған түні елорда уақытымен сағат 01.00-де Манчестер қаласындағы “Олд Траффорд” стадионында басталады. Қарымта кездесу 28 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.
Еуропа лигасы топтық кезеңінің жеребесіне сәйкес 48 клуб 12 топқа бөлінген. Елордалық клуб “L” тобында Англияның “Манчестер Юнайтед”, Сербияның “Партизан” және Голландияның “АЗ Алкмар” командаларымен кездеседі.