Қызылжар ауданында учаскелік полиция инспекторы мен қорықшы заңсыз аң аулау фактісін анықтап, күдіктілерді ұстады.
“Көкшетау” мемлекеттік ұлттық бағының инспекторы Знаменское ауылының маңында белгісіз адамдардың, иттер мен көлік құралының ізін байқағанын учаскелік полиция инспекторына хабарлаған. Тәртіп сақшысы мен қорықшы қан іздері арқылы аңшылардың Сібір елігін атып алған орнын анықтайды. Із бойынша жүре берген олар ағаш дайындаумен айналысатын үш ер адам тұрып жатқан вагонға келген. Ол жерден екі атыс қаруы және оқ-дәрілер, сондай-ақ, Сібір елігінің еті, басы мен терісі табылды. Заңсыз аулаған еттің бір бөлігін күдіктілер пісіріп жатқан.
Күдіктілердің бірі бұрын сотты болған, Булаево қаласының 1978 жылы туған тұрғыны. Ол тегіс ұңғылы екі қаруын алып, трактормен заңсыз аң аулауға шыққан. 1975 және 1987 жылғы екі танысы оған көмектескен. Аталған факті Қылмыстық кодекстің “Заңсыз аң аулау” бабы бойынша тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктілердің біріне қатысты қаруды заңсыз сақтау фактісі бойынша әкімшілік өндіріс басталды. Қазіргі таңда мемлекетке келтірілген шығын соммасы нақтылануда.
Жыл басынан бері заңсыз аң аулауға қатысты 14 факті тіркелген. Аң аулау тәртібін бұзған 554, балық аулау тәртібін сақтамаған 248 адам әкімшілік жазаға тартылды.