«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Елімізде пневмониямен 571 адам ауырып, 6 адам көз жұмды

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 6 459 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 34 бала бар. Стационарларда  3 196 науқас жатыр. 3 263 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.  

Жалпы науқастардың арасында 171 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 19 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 28 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.   
2020 жылғы 3 қыркүйектегі жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек: өткен тәулікте 571 жағдай тіркелді, 6 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 79 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамыздан 3 қыркүйекке дейін: науқастар саны – 26322, өлім жағдайлары – 301, барлығы 5773 адам сауығып шықты.
 


https://egemen.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp