«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛІМ ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕГІ…

Астана мен еліміздің тарихы егіз. Жас ұрпаққа бас қаланың өткені мен бүгіні жайлы баяндау арқылы біз оларға Тәуелсіз еліміздің келбетін көрсетеміз. Астананы сүю арқылы жастар Отанын, ұлтын сүйеді. Осы­ны насихаттауды көздеген шара ба­рысында кітап көрмесі ұйымдас­ты­рылып, еліміз, елордамыз жайлы қы­зықты мәліметтер айтылды.
– Кішкентай дарындардың та­лап­тары қуантады. Олар өз жұмыс­тары арқылы бас қалаға деген се­зімдерін бейнелеген. Қатысушылар­дың арасында өлең шығар­ғандары да бар екен. Осындай да­рынды ұл-қыздарымыздың болашағы жарқын болары анық, – деді байқау же­ңімпаздарын демеушілер атынан құттықтаған қалалық жастар ресурс­тық орталығының өкілі Дина Байма­кышева.
Елорда күніне арналған шығар­ма­шылық байқау қорытындысы бо­йын­ша Елизаветта Васильева, Ая­жан Әбішева, Мансұр Елубай, Жа­нел Елубайлар жүлделі орындарды еншілеп, сый-сияпатқа ие болды. Ал шара соңында кітапхана жанындағы жас қаламгер үйірмесінің мүшелері Астанаға арнаған өлеңдерін оқыды.

Гүлмира САҒЫНДЫҚОВА,
Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасының қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp