Облыстық ішкі істер департаменті көші-қон полициясының қызметкерлері рейдтік шаралар өткізіп, соның барысында еліміздің аумағында жүріп-тұру ережесін бұзған Түркия азаматтарын анықтады. Аталмыш елдің 44 жастағы азаматы Петропавл қаласындағы сән салондарының бірінде шаштараз болып заңсыз еңбек еткен. Ал оның 33 жастағы отандасы облыс орталығында ішкі істер басқармасына тіркелместен тұрып келген. Біріне тиісті заңнамаға сәйкес 25 АЕК көлемінде айыппұл салынса, екіншісі 1 тәулікке қамалып, Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары жерге шығарылатын болды. Жалпы, жыл басынан бері 1860 шетелдік көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылды.
Динара САҒЫНДЫҚОВА,
облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.