Ішкі істер департаментінің заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі арнайы жеке взводының қызметкерлері “Оңтүстік” бақылау бекетінде шағынавтобусты тексеру барысында Қазақстан Республикасы аумағына келіп, көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстанның 17 және Қырғызстанның бір азаматын анықтады.
Жыл басынан бері облыстық ішкі істер органдарында 19706 шетелдік уақытша тіркелген. Еңбек иммигранттарына жұмыс істеуге 2007 рұқсат берілсе, 226 патенттің мерзімі ұзартылған. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 3107 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 173 шетелдік ел аумағынан шығарылды. Шетелдік еңбек күшін заңсыз жолмен жұмысқа алғаны үшін 85 жұмыс беруші жазаланды. Ел аумағынан шығару туралы сот шешімін орындамағандарға, мемлекеттік шекарадан заңсыз өткендерге, заңсыз көші-қонды ұйымдастырғандарға және шетелдік еңбек күшін бірнеше мәрте заңсыз пайдаланғандарға қатысты 45 қылмыстық іс қозғалды.
Юрий КЛЫКОВ,
облыстық ішкі істер департаменті
баспасөз қызметінің инспекторы.