«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛ БОЙЫНША ЕКІНШІ ОРЫНДАМЫЗ

Петропавлдағы “Достық үйінде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институтының ұйымдастыруымен облыс бюджетінің игерілуі мәселесіне арналған “дөңгелек үстел” өтті. Жергілікті бюджеттердің ашықтығының индексіне байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізу үстіміздегі жылы қолға алынған. Ол еліміз бойынша 14 облыс пен 2 қалада бір мезгілде жүргізілген. Зерттеу процесі кезінде толтырылатын арнайы анкетаға 58 сауал енгізілген. Әрқайсысы маңызды саналатын сауалдар бюджет жобасын талқылауға арналғандықтан, онда 2013 жылдың аяғынан бастап, 2014 жыл толық қамтылған. Соның барысында айлық, тоқсандық бюджеттің ашықтығы да анықталып отырылған.

Зерттеу қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы 49,9 ұпай алған. Сөйтіп, бюджеттің ашықтығы жөніндегі шарада жоғары рейтингке қол жеткізіп, республикада 2-ші орынға ие болып отыр.  

Қошан ҚАЛИ,

  “Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp