«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТЫ

Бүгінде мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға ерекше мән берілуде. Өйткені, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету – елімізді дамытудың басым бағыттарының бірі. Мемлекеттік органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштеріне сай болуға тиіс.

Мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру, осы салада қоғамдық қатынастарды реттеу, қызмет көрсетудің ашықтығына, сапасына және жеделдігіне қол жеткізу сыбайлас жемқорлықтың азаюына, азаматтық белсенділіктің артуына жағдай жасайды. Ал бұл Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң әсерін тигізеді.

Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер ветеринария қызметінің барлық деңгейінде көрсетіледі. Ал аудандық ветеринарлық станциялар да бұл жұмысқа жауапкершілікпен қарайды. Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызмет халықтың барлық тобына, сондай-ақ, барлық меншік нысанындағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге сапалы әрі уақтылы мемлекеттік қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Облыстық ветеринария басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі құзыреті Қазақстан Республикасының “Ветеринария туралы” Заңымен реттелген. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен “Ветеринария саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары” мен облыс әкімдігінің қаулысымен тиісті көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттері бекітілді.

Облыстық ветеринария басқармасы аталған нормативтік-құқықтық актілер талаптарының негізінде жануарларды өсіруді, жануарларды союға дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын өндіріс нысандарына, сондай-ақ, ветеринарлық препараттарды, жем және жемазық қоспаларын өндіру, сақтау және сату бойынша өндіріс нысандарына тіркеу нөмірлерін беру туралы мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Қызмет алушының өтініші негізінде немесе “Электрондық үкімет” порталына жүгіну арқылы тегін мемлекеттік қызмет көрсетіледі, бұл мал шаруашылығы өнімдерінің ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкестігін бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ветеринарлық-санитарлық талапқа сәйкес келмейтін қауіпті өнімдерді тұтынудан сақтайды.

Ветеринария саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет әртүрлі екенін жоғарыда айтып өткен болатынбыз. Осы орайда ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру жөнінде айта кеткен артық болмас.

Жануардан алынатын шикізат пен өнімге ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу міндетті түрде лицензиялануы тиіс. Себебі, оның халықтың денсаулығы үшін маңызы зор. Өз кезегінде бұл заңнаманың орындалуын талап етеді. Қызмет электрондық форматта ақылы негізде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген мөлшерде лицензиялық алым төлейді және лицензияны алғаннан кейін ішкі сауда нысандарында, мал сою және ет өңдеу кәсіпорындарында ветеринарлық сараптама жүргізу құқығын алады. Ал ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттауға келетін болсақ, ветеринарлық және өзге де қызмет түрлерін білікті мамандар көрсетуі тиіс. Осы мақсатпен ветеринария басқармасы мал дәрігерлері мен ұйымдарды белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігі бойынша аттестаттайды. «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес кәсіпкерлік қызмет түрлеріне ветеринарлық емдеу-профилактикалық қызметі; ветеринарлық мақсаттарға арналған дәрiлiк заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринарлық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткiзу; дезинфекция, дезинсекция, дератизация, дегельминтизация жүргізу; ветеринарлық мақсаттағы препараттарды өндiру мен өткiзу; жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға ветеринарлық-санитариялық сараптама жасау жатады. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған ветеринария саласындағы өзге де қызмет түрлері кіреді.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, оларды ұсыну мерзімдері мен шарттары, құжаттар тізбесі мен мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері тиісті стандарттар мен регламенттерде айқындалады. Белгіленген стандарттар бойынша мемлекеттік қызметті уақтылы және сапалы көрсетпеген жағдайда кез келген адам қызмет беруші лауазымды тұлғалардың жөнсіз әрекеттеріне шағым түсіре алатынын да ескерте кеткеніміз жөн. Көрсетілетін қызметтер туралы барлық ақпаратты құқықтық ақпараттық жүйелерден, сондай-ақ, өздерінің интернет-ресурстарында мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпаратты орналастыруға міндетті мемлекеттік органдар мен ұйымдардан алуға болады. Осы орайда облыстық ветеринария басқармасы өткен жылдың 11 айында 113 мемлекеттік қызмет көрсеткенін ерекше айтып өтуге болады. Қызметті алушылар тарапынан қызмет көрсету сапасына қатысты ешқандай шағым түскен жоқ.

Ветеринария саласында мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты лауазымды адамдарға шағымдар болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушылар облыстық ветеринария басқармасының www.uprvet.sko.gov.kz сайтына жазуларына болады. 8 (7152) 50-16-81, 50-49-69, 50-49-68 телефондары арқылы немесе Петропавл қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 302 мекенжай бойынша өтініш қалдыра алады.

Баян ЖҰМАБЕКОВА,

облыстық ветеринария басқармасының

бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp