«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛ КУБОГЫНЫҢ БАРЛЫҚ КЕЗЕҢІНДЕ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

Солтүстікқазақстандық велошабандоздар тасжолдағы велоспорттан Шымкент қаласында өткен Қазақстан кубогының барлық кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Дарья Тушина.

Республиканың он өңірінен және Алматы мен Астана қалаларынан 70-тен астам спортшы қатысқан додада жерлестеріміз үздік нәтиже көрсеткен. Жарыстың қорытындысы бойынша, 20 шақырымдық жеке жарыста Степан Астафьев қарсыластарынан оқ бойы озып шықса, 40 шақырымдық критериумде Тарас Воропаев жеңімпаз атанды. Ал Вадим Галеев 102 шақырымдық топтық сайыста қарсыластарына дес бермеді.

Сондай-ақ, Виктор Окишев, Олег Земляков, Тарас Воропаев және Степан Астафьев 40 шақырымға созылған командалық жарыста да жеңіс тұғырынан көрінді.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp