«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ел кубогы үшін тартыс

Өскеменде волейболдан ер­лер командалары арасындағы Қазақстан кубогының ойында­ры жалғасуда. Солтүстікқазақстандық “Есіл” волейбол клубының қоржынында 2 жеңіс пен 1 жеңіліс бар.

Ел кубогы үшін таласта жерлес­теріміз “А” тобында өнер көрсетіп жатыр. Алғашқы турда қызылжарлықтар атыраулық қарсыластарынан 3:1 есебімен басым түсті. Екінші ойынды “Есіл” клубының ойыншылары өскемендік “Алтайға” қарсы өткізіп, дәл осындай есеппен есе жіберді. Үшінші кездесуде жерлестеріміз “Павлодар” командасының алдын орап кетті. Матч нәтижесі бұл жолы да 3:1.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp