Бүгін Петропавлда қазақ күресінен республикалық чемпионаттың жалауы салтанатты түрде көтерілді.
Жарысқа ел өңірлерінен 300-ге жуық балуан жиналды. Боз кілемге жігіттермен қатар қыздар да шығып, бақтарын сынайды.Спортшылар үш күн бойы сайысады. Қазақ күресінен чемпионат жыл сайын өткізіледі. Оның қорытындысы бойынша үздік шыққандар әлемдік жарыстарға жолдама алады.