«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АНЫҚТАЛДЫ

Петропавлда еліміздің әуесқой футбол командалары арасында біріншілік өтті. Турнир тамыздың 24-інде басталып, 31-інде аяқталды.

Мұндай жарыстар қазақстандық спортшыларға “УЕФА аймақтарының кубогы” турнирінде өздерін халықаралық аренада танытуға мүмкіндік береді. Жарысқа Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Атырау және Қарағанды облыстарынан 10 команда қатысты. Бірінші орын Алматы командасына бұйырды.
«Командалар бұл жарысқа жауапкершілікпен қарап, жақсы дайындықпен келгенін атап айту керек. Әдемі ойын өрнегін көрсете білді. Мысалы, А тобында соңына дейін плей-офф кезеңіне кім шығатынын анықтау қиын болды. Жарыстың ұйымдастырылуы да жақсы деңгейде. Солтүстік Қазақстан футбол федерациясына, қала әкімдігіне спорт басқармасы атынан ризашылық білдіреміз», – деді Қазақстан футбол федерациясы бұқаралық футбол департаментінің бас маманы Дастан Кәрім.

http://petropavltv.kz
  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp