Күнделікті дастарқанымызға құт-береке кіргізетін – нан. Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Диқанның алтын қолы” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге көктемнен қара күзге дейін маңдай терін сыпыра жүріп еңбек ететін диқандардың еңбегін паш ететін кітаптар қойылды. Ол кітаптардан, сондай-ақ, аграрлық Қазақстанның әлемдік нарықта алатын орны, бүгінгі күнде қанатын кеңге жайып, қолданысқа енгізілген заманауи технологиялар, жерді өңдеу тәсілдері, тағы басқа мол мәлімет алуға болады.
Жыл сайын берекелі астық өсіріп, ел байлығын үстемелеп отырған диқандар еңбегі халықтың ілтипатына бөленуге лайық.
Марина МАЛИКОВА,
кітапхана қызметкері.