«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«ЕЛ ҚОРҒАНЫ – БАЯН БАТЫР»

Биыл Абылай ханның сенімді серіктерінің бірі, ел-жұртымызды жоңғар басқыншыларының қанды жорықтарынан қорғауда қасық қаны қалғанша ерлік көрсетіп, осы жолда мерт болған даңқты Баян батырдың туғанына 300 толып отыр.


Ерлігі ұлы Мағжанның әйгілі дастанына арқау болған Баян батырдың тұлғасын барша Алаш жұрты ардақ тұтып, қастерлейді. 2014 жылғы 12 шілдеде – Павлодар мемлекеттік педагогикалық инсти-тутының ұйымдастыруымен осы қалада «Ел қорғаны – батыр Баян» атты халықаралық ғылыми-прак-тикалық конференция болып өтті.
Басқосуды Павлодар облысы-ның әкімі Қанат Бозымбаев ашып, еліміздің көрнекті тарихшы, әде-биетші ғалымдары, сондай-ақ Моңғолиядан келген баянтанушы-зерттеуші, осы елдің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Сұлтан Тәу-кейұлы, жергілікті институттың оқытушылары баяндамалар жа-сап, батырдың ерлігін дәріптеу ар-қылы жастардың бойында патриот-тық сананы қалыптастыру, Баян тұлғасын бейнелей отырып, ел мен ер қасіретін көрсету мақсатын жүзеге асырды.
Мерейтойлық шараға солтүстік-қазақстандықтар делегациясын бастап барған Мәдениет, мұрағат-тар және құжаттамалар басқарма-сының басшысы Рүстем Елубаев облыс әкімі Ерік Сұлтановтың құт-тықтауын оқып берді.
Көпшілік қауым батырға арнал-ған конференцияның зор танымдық маңызын атап көрсетті.
(Өз тілшімізден).

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp