«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛ ҚОРҒАНЫ – ЕР АМАНАТЫ

7 мамыр – Отан қорғаушы күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов бастаған қауым жылдағы дәстүрден жаңылмай, қазақ жерінің қорғаны болған батырлар – Ағынтай мен Қарасайдың ескерткішіне гүл шоғын қойып, бабалар рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті.

Бұдан кейін орталық алаңға бет бұрып, мерекеге арнайы ұйымдастырылған салтанатты шараны тамашалады. Бұл жерде Астанада өтіп жатқан Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеру тікелей эфирден көрсетілді.

Орталық алаңда тігілген шатырларда батырлардың ерлігінен ақпарат беретін көрме де ұйымдастырылды. Құнды жәдігерлерді қызықтағандардың қарасы қалың болды. Облыстық тарихи- өлкетану музейінің көрмесіне қойылған жәдігерлер жауынгерлердің күнделікті тұрмыс-тіршілікте пайдаланған құрал- жабдықтары, киім-кешектері жеңістің оңай келмегенін ұқтырғандай. Ал 6637 әскери бөлімнің көрмесі бейбіт күннің батырларының суреттері арқылы бүгінгі әскери қызметтің мән-маңызын түсіндірді.

Іс-шара барысында бір топ әскери қызметкер мінсіз қызметі, қызметтегі жоғары көрсеткіштері, жеке тәртіптілігі үшін және Отан қорғаушы күніне орай облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, мерзімді қызмет сарбаздарының аналары Алғыс хатпен марапатталды.

Мереке «Батырлық рухы – мәңгілік» концерті, «Мамыр жұлдыздары» атты облыстық әскери-патриоттық әндер фестивалімен жалғасып, солтүстікқазақстандықтарға тамаша көңіл күй сыйлады.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Суретті түсірген

Шыңғысхан БЕКМҰРАТ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp