«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛ ҮМІТІН АРҚАЛАҒАНДАР

Облыстық әкімдікте Италияда өтетін XIV қысқы Паралимпиада ойындарына қатысатын спортшыларды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Іс-шараға аттанғалы отырған спортшылар, жаттықтырушылар, спорт ардагерлері қатысты.

6-15 наурыз аралығында Италия­да өтетін XIV қысқы Паралимпиада ойындарына еліміз 10 лицензия алса, соның жетеуін біздің өңір спортшы­лары иеленіп отыр. Жерлестеріміздің бесеуі – шаңғы жарысы, екеуі – биат­лон бойынша ел намысын қорғайды.

Ұлттық команда құрамында Ер­бол Хамитов, Александр Герлиц, Сергей Усольцев, Владислав Кобаль өнер көрсетеді.

«Бұл – орасан еңбек пен табанды­лықтың нәтижесі, әрі баршамыз үшін үлкен мақтаныш. Біздің спортшылар лайықты өнер көрсетіп, жеңіс тұғы­рынан көрініп жүр. 17 ақпан күні қо­сымша қатысушылар туралы хабар­ланады. Бұл тізімге Денис Зинов енеді деген үміттеміз. Сіздердің ең­бектеріңіз бен жеңіске деген ынтала­рыңыз қайсар рух пен асқақ мақсатқа ұмтылысты көрсетеді. Қоғам үшін сіздердің жеңістеріңіз спорттағы жетістік қана емес, қиындықты жеңудің үлгісі», – деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

Өңір басшысының айтуынша, об­лыста инклюзивті спортты дамытуға барлық жағдай жасалып келеді. Мүгедектігі бар адамдардың «Үміт» клубы жұмыс істейді. «Самұрық-Қа­зына» корпоративтік орталығы және «Қазақстан халқына» корпоративтік қорының қолдауымен Петропавлда мүмкіндігі шектеулі жандарға арнал­ған спорттық-сауықтыру орталығын салу жоспарланған.

Ал Италияда өтетін XХV қысқы Олимпиада ойындарына Солтүстік Қазақстан облысынан жалғыз На­дежда Морозова ғана қатысады.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp