«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕМДЕУ МЕКЕМЕЛЕРІ ЖАҢАРТЫЛМАҚ

Биыл өңіріміздегі 19 медициналық мекеме күрделі жөндеуден өтеді. Бұл мақсатқа 2 млрд. теңге бағытталмақ.

Соңғы жылдары емдеу мекемелеріндегі медициналық жабдықтар жаңартылуда. Өткен жылы бұл мақсатқа 5,4 миллиард теңге бөлініп, ауруханаларға жоғары сапалы УЗИ, цифрлық рентген, маммограф, салқындатқыш центрифуга, литотриптер, жасанды қан айналымы аппараты және басқа да заманауи құрылғылар жеткізілген.

2025 жылы медициналық қондырғыларды жаңартуға бөлінетін қаржы 1,5 есеге ұлғайып, 7,5 миллиард теңгені құрады. Оның 4,5 миллиард теңгесі қаладағы медициналық ұйымдарға берілмек. Аудандық ауруханалар үшін МРТ, КТ, ангиограф және видеоэндоскопиялық аппараттар кешені сатып алынбақ.

Өңірде медициналық мекемелерді жаңғыту бойынша кешенді жұмыстар жалғасын тауып келеді. Атап айтқанда, былтыр 5 ауылдық және 9 қалалық денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өткен.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp