Оңтүстік Кореяда таяушығыстық респираторлық синдром коронавирусы құрбандарының саны артуда. 150 адамның дертке шалдыққаны белгілі болды. Оның 16-сы көз жұмды.
Аталмыш коронавирус адамнан алғаш рет Сауд Арабиясында 2012 жылы анықталды. Кореяда таралған сырқатты 68 жастағы науқас Сауд Арабиясы мен Бахрейнге сапары кезінде жұқтырып алды деген болжам бар.
Дерт 2003 жылы Қытайда өткір респираторлық синдромының жаппай тарауына себеп болған бірдей типті коронавирусынан пайда болған деген болжам бар. Қалтырау, жөтел, пневмония сынды ауру белгілері байқалатын сырқат бұған дейін кем дегенде 9 елде, соның ішінде Катарда, Иорданияда, Францияда, Германияда, Ұлыбританияда, Италияда, Сауд Арабиясында, Біріккен Араб Әмірліктері мен Тунисте тіркелді.
Бұл дерттен әлем бойынша кем дегенде 400-ден астам адам көз жұмды. Тұмау вирусы сияқты, ол да ауа арқылы таралады. Өкінішке қарай, бүгінгі күнге дейін вирусқа қарсы вакцина да, дәрілік заттар да ойлап табылмады. Жаз айларында шетелге демалысқа шығатын туристер абай болғаны жөн.