«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕНШІМІЗДЕ – ЕКІ ГРАНТ

Колледж басшысы Николай Ухов Білім және ғылым министрлігімен грант туралы негіздемелік келісімге қол қойып, ұжымды ресурстық орталық құруға жұмылдырып отыр. Осы жоба негізінде “Ғимараттар мен имараттар салу және пайдалану” мамандығы аясында салалық ресурстық орталық қызметін атқаратын колледж құруды көздеп отырмыз. Ол бойынша әр оқушының бес жұмысшы кәсібін меңгеруі көзделген. Құрылысшы-техниктерді, жоғары деңгейлі мамандарды даярлап, оларды осызаманғы еңбек нарығының талаптарына сәйкестендіру қажет.

Құрылыс бөлімшесінің оқытушылары жобаны жүзеге асыруға кірісіп кетті. Колледждің құрылыс бөлімшесінің арнайы пәндер бойынша сабақ беретін оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің біліктіліктерін арттыру – жобаның маңызды талабы. Келісімге сәйкес колледждің 10 оқытушысы мен өндірістік шебері түрлі бағыттар бойынша Минск қаласындағы республикалық кәсіптік білім беру институтында курстық даярлықтан өтті. Олар: “Ресурстық орталықтағы ғылыми-әдістемелік жұмыс”, “Тасқалаушы”, “Арматурашы” мамандығында оқитындардан біліктілік емтиханын алу әдістемесі” пәндері бойынша оқу бағдарламаларын жасау, тағы басқа да тақырыптар бойынша біліктіліктерін арттырды.  

Білікті ұлттық кадрларды жұмысшы мамандықтары бойынша оқыту және кәсіби жағынан даярлау – бүгінгі таңның басты мәселесі. Біздің колледжде атқарылып жатқан істер – оқу мекемесінде жоғары білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарды даярлауға жағдай туғызылғанының айғағы.

Гауһар КИСАЕВА,

Петропавл құрылыс-экономикалық

колледжінің әдіскері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp