Қазақстандық парабиатлоншы Ербол Хамитов Словенияның Поклюка қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының соңғы күнінде алтын медаль жеңіп алды.
Жерлесіміз 12,5 шақырым қашықтықты 35 минут 29 секундта еңсеріп, жекелей сында үздік атанды. Ол ең жақын қарсыласын 7,2 секундқа озып кетті. Екінші орынды канадалық Дерек Заплатонский, ал үшінші орынды америкалық Аарон Пайк иеленді.
Бұл – Ербол Хамитовтың әлем чемпионатындағы екінші медалі. Ол бұған дейін 7,5 шақырымдық спринтте мәреге жеңімпаздан 10,3 секундқа кеш қалып, қола медаль жеңіп алған болатын.
Рабиға ЕРАЛЫ,
«Soltüstık Qazaqstan».