«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРЕЖЕНІ ЕЛЕМЕГЕН ӨКІНЕР

Өрт қауіпсіздігін елемеудің салдарынан биылғы жылдың басынан бері өңір аумағында 167 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте өткен баспасөз мәслихатында ведомство бастығының орынбасары Нұрлан Атығаев мәлімдеді.

– Пеш пен электр аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы салдарынан 11 адам қаза тапса, 8 азамат әртүрлі дене жарақатын алды. Ал материалдық шығын өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда едәуір азайды. Өрт оқиғаларының 80 пайызы жеке тұрғын үй секторына тиесілі, – деді Нұрлан Бауыржанұлы.
Жыл басынан бері облыста 14 иіс тию фактісі тіркеліп, салдарынан бір адам қаза тапқан. Зардап шеккен 25 азаматтың сегізі – бала.

Игорь БАЛЕЕВ,  облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің  басқарма бастығының міндетін уақытша атқарушы,  азаматтық қорғау майоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp