Облыстық ішкі істер департаменті әкімшілік полициясының деректері бойынша, жыл басынан бері жол қозғалысы ережелерінің үштен бірі жүргізушілер мен жеңіл көліктердегі жолаушылардың қауіпсіздік белдіктерін тақпауынан бұзылған.
Биылғы жылдың қаңтар айының алғашқы аптасында осындай 162 оқиға бойынша хаттамалар толтырылған. Ал 40 жүргізуші жылдамдықты тым асырғаны үшін айыпты болған. Осыншама жаяу жүргінші де айып тартқан. 25 жүргізуші көлік мініп келе жатып, ұялы телефонмен сөйлесіп отырғанда тоқтатылып, кінәсін мойындаған.
Кейде жүргізушілер ережені елемей, жаяуларға жол бермейді немесе қарсы бағытқа шығып кетеді. Бұл да ережені өрескел бұзу болып табылады.
Көше қозғалысы, оның ережелерінің бұлжымай сақталуы аса маңызды. Ал оны елемеу – астамшылық.
Юрий КЛЫКОВ,
облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің инспекторы.