Қызылжар ауданындағы Бәйтерек орта мектебінде “Жол тәртібін жадыңда ұста!”, “Көшеде сақ бол!” тақырыптарында 6-8-сыныптар арасында тәрбие сағаттары өткізілді.
Статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, жаяу жүргіншілердің жауапсыздығынан болатын жол-көлік оқиғалары жиі орын алуда. Сондықтан жаяу жүргіншілер, соның ішінде балалар жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауы қажет. Осындай тәрбие сағаттарында мұғалімдер оқушыларға жол ережесін түсіндіреді, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, ойнау әдісі арқылы оқушылардың танымдық білімін толықтырды.
Алмагүл СҰҢҒАТОВА,
Бәйтерек орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Қызылжар ауданы.