«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРЕЖЕ ЕРІККЕННІҢ ЕРМЕГІ ЕМЕС

Облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, генерал-майор Берік Біләловтің бұйрығымен “Мас жүргізуші – қылмыскер” шұғыл-алдын алу шарасы өткізіліп, өткен аптаның төрт күнінде ішімдікке бой алдырған 58 адам жол үстінде қолға түсті.

Өзінің де, өзгенің де өміріне қауіп төндіретін мас жүргізушілерді құрықтайтын мұндай шаралар оқтын-оқтын өткізіліп тұруы керек.

Осы соңғы шараға қатысқан 460 полиция қызметкерлері оның аясында Петропавлда және 13 ауданда рейдке қатысты. Жалпы шара барысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1061 оқиғасы тіркелді. 237 жүргізуші қауіпсіздік белдіктерін тақпаса, 175 көлік иесі жол үстінде ұялы телефонмен сөйлесіп отырып, көзге түсті. Ережені бұзған 24 жаяу жүргінші анықталды.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық ішкі істер департаменті

 баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp