«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРЕКШЕ АКЦИЯ

Нұр-Сұлтан қаласында 7 сәуірде плоггинг  деп аталатын экологиялық шара өтеді. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, плоггинг – жүгіріп келе жатып жолшыбай қоқыс жинау дегенді білдіреді. Ол бір мезетте екі істі жасауға бағытталған. Біріншіден, бұл —  физикалық белсенділік, екіншіден — қоршаған ортаны қорғау. Акцияға кез келген азамат қатыса алады. Басты шарт – әркімнің қолында  қоқыс жинауға арналған пакеттің болуы.

Плоггинг аясында ең ауыр, ең көп қоқыс жинаған адамды анықтау конкурсы да ұйымдастырылады. Әр саябақта белсенділер жиналған қоқысты өлшеп ең ауырын, ең үлкенін анықтайтын болады. Одан бөлек, қоқысты бөліп жинау бойынша шеберлік-сабағы өтеді. Сұрыпталған қоқыс бірден қайта өндеуге жөнелтіледі.

 www.inform.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp