«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРКІН ӘУЕЛБЕКОВ

Мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Еркін Нұржанұлы Әуелбеков 1930 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Жаңасу ауылында дүниеге келген. Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын тамамдаған соң облысымыздың Коновалов машина-трактор станциясында бас агроном, директор қызметтерін атқарған.

Бұдан соң “Марьевский” кеңшарына басшылық еткен. 1961-1965 жылдары облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, кейін төрағасы, жергілікті партия комитетінің екінші хатшысы болған. Бұдан кейін ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан астық өнімдері және құрама жем өнеркәсібі министрі, Көкшетау, Торғай, Қызылорда облыстары партия комитеттерінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарған. 1988 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Ұлттар кеңесінің ұлттық саясат және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясы төрағасының орынбасары, 1991-1992 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.
Еркін Нұржанұлы үш мәрте “Ленин” және осынша “Еңбек Қызыл Ту”, “Октябрь революциясы” орден-медальдарымен марапатталған. 1999 жылы дүниеден өтті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp