«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕРЛІККЕ – ТАҒЗЫМ

Петропавлдағы алғашқы әскери дайындық жөніндегі оқыту орталығында “Жастар бастамалары орталығының” мамандары мен өңіріміздің белсенді жастары, студенттері мен мектеп оқушылары Екінші дүниежүзілік және Ауған соғыстарының, Чернобыль апатының ардагерлерімен “Ерлік сабағы” атты кездесу өткізді. Отан алдындағы азаматтық парызы мен адал өтеген ерлердің істерін жастарға үлгі етіп, олардың бойына отан-сүйгіштік қасиеттерді сіңіру мақсатында ұйымдастырылған шараны “Жастар бастамалары орталығының” директоры Данияр Әбутәліп жүргізді.

Шара барысында сөз алған Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Петр Гладков отты жылдарды, оның найзағайдай күркіреп өткен күндерін еске алды. Қылшылдаған он жеті жасында соғысқа аттанып, екі жыл қатарынан жаумен арпалысқанын, Ұлы Жеңіс туралы хабарды аурухана төсегінде естігенін айтты.  

Ауған соғысының ардагері Петр Цвигер Ауған соғысының қасіретіне тоқталды.

Кездесуді облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Амангелді Дүйсекин қорытындылады.

Нұргүл ОҚАШЕВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp